Блогер NNN 5 млн оқырманы мен жерлестеріне үндеу жолдады

Кентау қаласының тумасы, 5 миллионнан астам оқырманы бар танымал блогер Нұрдаулет Бектұрсын (NNN) полициямен бірге жастарға арналған профилактикалық іс-шараға қатысты.

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында NNN жастарға арнайы үндеу жасап, қоғамда жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру — әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін айтты.

Блогер өз сөзінде жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға және жағымсыз әдеттер мен заңға қайшы әрекеттерден бойын аулақ ұстауға шақырды.

Жастар арасында танымал тұлғаның үндеуі оң ықпал етіп, оларды дұрыс таңдау жасауға ынталандыруды көздеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Ордабасы ауданында 200 орындық перинаталдық орталық салынады

berdaly_oraz

Арыс өңірінде су жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

berdaly_oraz

Арыста көпбалалы аналар мемлекеттік наградалармен марапатталды

berdaly_oraz