Делдалсыз сауда – халыққа тиімді ме? Түркістандағы жәрмеңке бағаны төмендетуге ықпал етті

Түркістан қаласында өткен кезекті әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі тұрғындарға күнделікті тұтынатын өнімдерді нарықтағы бағадан 20–30 пайызға арзан сатып алуға мүмкіндік берді. «Отырар» секторында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Сайрам, Созақ, Келес аудандары мен Кентау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өнімдерін делдалсыз ұсынды.

Сонымен қатар «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қоры арқылы 50 тоннаға жуық азық-түлік саудаға шығарылды. Сөрелерде ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс, жеміс-жидек пен өзге де әлеуметтік маңызы бар тауарлар ұсынылды.

Мұндай жәрмеңкелердің басты артықшылығы – тұтынушы мен өндірушіні тікелей байланыстыру. Делдалдардың болмауы өнім бағасын төмендетіп қана қоймай, шаруалардың табысын арттыруға да мүмкіндік береді. Әсіресе соңғы уақытта азық-түлік бағасы қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналған шақта мұндай бастамалардың маңызы арта түсуде.

Дегенмен бір реттік жәрмеңкелер мәселені толық шеше алмайды. Сарапшылардың пікірінше, бағаны тұрақтандыру үшін мұндай сауда алаңдарын тұрақты ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және тасымалдау жүйесін жетілдіру қажет. Сонда ғана тұрғындар сапалы өнімді қолжетімді бағамен тұрақты түрде сатып ала алады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

berdaly_oraz

Алматыда есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo