Елімізде «Қауіпсіз жол» республикалық рейді басталды

дереккөз фото: Aikyn.kz

11–16 шілде аралығында Алматы қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Алты күнге созылатын рейд барысында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтауға басымдық береді. Әсіресе, мас күйінде көлік басқару, қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты шамадан тыс асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзуы, сондай-ақ қоғамдық көлік, мотоцикл және мопед жүргізушілері тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар ерекше бақылауға алынады.

Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, рейдтің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, жол апаттарының алдын алып, адам өмірін сақтау.

Полиция өкілдері барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырып, жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталатынын еске салды. Заң мен тәртіпті сақтау – өзара құрмет пен қауіпсіз қоғамның басты кепілі.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

Redaktor Arysinfo

Жалақы өссе де, халықтың жағдайы шынымен жақсара ма? 2029 жылға дейінгі үлкен сынақ

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды