ЕРЛАН ҚОШАНОВ – ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: ЖАҢА ЛАУАЗЫМҒА ЖАСЫРЫН ДАУЫСПЕН САЙЛАНДЫ

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды.

23 қыркүйекте өткен Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қошановтың кандидатурасын төрағалыққа ұсынды. Президент оның мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесін атап өтті.

Жасырын дауыс беру қорытындысында 121 бюллетень жәшіктен алынған. Оның 120-сы Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдаған, бір адам қалыс қалған.

Ерлан Қошанов бұған дейін 2022 жылдан бастап 2026 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметін атқарды. Бұған дейін Қарағанды облысының әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы секілді бірқатар жоғары мемлекеттік қызметтерде болды.

Қазақстан Халық Кеңесі – конституциялық мәртебесі бар жоғары консультативтік-кеңесші орган. Оның құрамына 126 адам кірді. Кеңес құрамында этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері бар.

Жаңа органның негізгі бағыттарының бірі – қоғамның мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету. Кеңес өз құзыреті аясында ұсыныстар әзірлеп, қоғамдық талқылаулар өткізіп, заң жобаларын ұсыну және басқа да міндеттерді атқарады.

Осылайша, бұрынғы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа конституциялық институттың алғашқы төрағасы атанды.

Ұқсас жаңалықтар

30 тамызға дейін: қазақстандықтар Ыстықкөлге тікелей ұша алады

Redaktor Arysinfo

Сарыағашта «Кавендиш» бананы өсіріліп жатыр

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: РУХАНИЯТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

berdaly_oraz