«Фараб» кітапханасы – руханияттың шамшырағы: 5 жылдық мерейтой аталып өтті

Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына 5 жыл толуына орай «Бес жыл – бес белес» атты мерейтойлық салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, республика және өңір кітапханаларының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ардагер кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.

Мерекелік жиында кітапхана ұжымының еңбегі жоғары бағаланып, сала үздіктері марапатталды. Сонымен қатар «Оқитын өлке», «Жыл кітапханашы» және «Алтын формуляр» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Мерейтой аясында кітапхананың бес жылдық даму жолын баяндайтын бейнеролик көрсет

іліп, сирек қордағы құнды басылымдар мен жаңа жобаларды қамтыған «Бес жыл – бес белес» кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Бүгінде «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы өңірдің ірі мәдени-ағартушылық және ғылыми-ақпараттық орталықтарының біріне айналып, кітап оқу мәдениетін дамыту, цифрлық қызметтерді жетілдіру және халықаралық мәдени байланыстарды нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: БАДАМ АУЫЛЫНДА ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

berdaly_oraz

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Альфия Адамбек

Түркістан облысында 28 полицей жазаланды