ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭНЕРГЕТИКТЕР ТОП ЖАРДЫ

Қазақстандық энергетиктер Түркияда өткен халықаралық кәсіби шеберлік байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

21-23 қыркүйек күндері Анкара қаласындағы TEDAŞ оқу-жаттығу полигонында өткен байқауға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің энергетика саласының мамандары қатысты.

Үш күнге созылған бәсекеде мамандардың кәсіби білімі мен практикалық шеберлігі, еңбек қауіпсіздігін сақтау деңгейі және командалық үйлесімі сынға түсті.

Қазақстан атынан сынға түскен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС командасы барлық кезеңде тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, нәтижесінде I орынға ие болды. Осылайша қазақстандық энергетиктер кәсіби біліктілігін халықаралық деңгейде тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жүлделі орындардан Әзірбайжан мен Түркия командалары да көрінді.

Байқау қорытындысында ұйымдастырушылар келесі жылғы халықаралық кәсіби шеберлік сайысын Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс білдірді.

Айта кетерлігі, «Оңтүстік Жарық Транзит» командасы өткен жылы да аталған додаға қатысып, III орын иеленген болатын. Биылғы жеңіс – қазақстандық мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, халықаралық аренадағы нәтижесін жақсарта түскенінің айғағы.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ

berdaly_oraz

Арыста тағы бір ауылға табиғи газ берілді

ПРЕЗИДЕНТ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТТЫ

Redaktor Arysinfo