Қазақстанда кәсіпкерлік жаңа кезеңге қадам басты. Қаржыландыру тетіктерінің кеңеюі, отандық өндірушілерге жасалған мүмкіндіктер мен ірі инвестициялық жобалардың іске қосылуы бизнестің дамуына тың серпін берді. 2019 жылдан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 63,5 пайызға өсіп, 2,2 миллионға жетті. Ал сектордағы жұмыспен қамтылғандар саны 4,5 миллион адамнан асты. Бұл — кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлі артып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіштер.
Кәсіпкерлікке серпін берген қолдау
Кәсіпкерлікті дамыту — экономиканы әртараптандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. Соңғы жеті жылда Қазақстанда бизнеске қолдау көрсету, өндірісті жаңғырту және отандық кәсіпорындардың нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейту бағытында бірқатар шешім қабылданды.
Соның бірі — жеңілдетілген қаржыландыру, несие пайызын субсидиялау және кепілдік беру құралдары. 2019–2026 жылдар аралығында «Даму» қорының осы тетіктері 176,7 мың жобаны қамтыған. Кәсіпкерлерге берілген кредиттердің жалпы сомасы 10,2 триллион теңгеге жеткен.
Бұл қаражат кәсіпорындарға жабдық сатып алуға, өндіріс көлемін ұлғайтуға, айналым қаражатын толықтыруға және кепіл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда несие алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдаудың нәтижесі жұмыс орындары мен өндіріс көлемінен де байқалады. 2019–2025 жылдары қолдау бағдарламаларына қатысқан кәсіпорындар шамамен 695 мың жұмыс орнын сақтап, 60,5 мың жаңа жұмыс орнын ашқан. Олар 128 триллион теңгенің өнімін өндіріп, 8,5 триллион теңге салық төлеген.
Бұл көрсеткіштер кәсіпкерлікті қолдаудың тек жекелеген кәсіпорындарға емес, жалпы экономикаға әсер ететінін аңғартады.
Отандық өнімге сұраныс артты
Кәсіпорынның дамуы үшін қаржының қолжетімді болуы маңызды. Алайда өндірілген өнімді өткізу, тұрақты тапсырыс алу және төлемді уақытылы иелену де бизнестің өсуіне тікелей ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, отандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысу шарттарын өзгерту айрықша маңызға ие.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары негізінде жеткізу мерзімі 15 күннен 60 күнге дейін ұзартылып, төлем мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Ал аванс мөлшері 30 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайтылған.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуда басымдық берілетін қазақстандық өндіріс тауарларының тізімі 3 782-ден 5 328 позицияға дейін кеңейген.
Мұндай өзгерістер өндірушілердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Кәсіпорын шикізат сатып алып, өнімді дайындап, тапсырысты белгіленген мерзімде жеткізе алады. Ал төлемнің жыл
