ІІМ басшысы Ержан Сәденов: Тәртіп бұзбасаңыз, айыппұл салынбайды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамда қызу талқыланған мәселелерге, соның ішінде «Штрафстан» түсінігіне қатысты пікір білдірді.

Министр бұл терминді ережені бұзатындар ғана қолданатынын атап өтті. «Ережені бұзбасаңыз, айыппұл да салынбайды. Қарапайым тәртіпті сақтау – мәдениеттің бір бөлігі», – деді ол.

Сондай-ақ, Сәденов полицияның басты мақсаты – айыппұл жинау емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу екенін айтты. Оның пікірінше, қоғам заң талаптарын саналы түрде қабылдауы керек.

Министр «Заң мен тәртіп» қағидаты қазақ қоғамына генетикалық деңгейде тән екенін атап өтіп, «Жеті жарғы» мен дала заңдарының да осы тәртіпке негізделгенін еске салды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ІТ парк салу жобасы пысықталды

Альфия Адамбек

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2600-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

berdaly_oraz

Шымкент: Кең Баба саябағында орналасқан заңсыз дүңгіршектер сүріліп жатыр

berdaly_oraz

Пікір жазу