Арыста әскери қызметшілер арасында спорттық сайыс өтті

Арыс қаласында 1 тамыз – Қала күні мерекесіне орай әскери бөлімдер арасында спорттық жарыс өтті. Шараны қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сайыстың басты мақсаты – әскерилер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ қатысушыларды белсенділікке, ептілікке, күш пен шыдамдылыққа тәрбиелеу болды.

Іс-шараның ашылуында қала әкімі Қайсар Маңқараев пен Арыс гарнизонының штаб бастығы полковник А.Жакипбеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа №44859, №35748 және №16752 әскери бөлімдерінің қызметшілері қатысып, турникке тартылу, эстафета, таяқ тарту, қол күрес және волейбол секілді спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Әр спорт түріне арнайы төрешілер төрелік етті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І орын – 44859 әскери бөлімінің сапёрлік батальоны;

ІІ орын – 16752 әскери бөлімінің «Дивизион» командасы;

ІІІ орын – 44859 әскери бөлімінің «Арсенал» командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік сайыс Қала күніне арналған іс-шаралардың мазмұнын байыта түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын

Redaktor Arysinfo

Түркістандық жас шахматшы халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Айқын нәтиже» пилоттық жобасы: заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту  

berdaly_oraz