Интернет-алаяқтықтың алдын алу: Арыста түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сурет: Arysinfo.kz / Мақала авторлары: Бердалы Ораз,Тәуекел Арманұлы

Интернет-алаяқтыққа қарсы бағытталған жүйелі шаралар Арыс ауданында жалғасуда. Бүгін, 23 қаңтар күні аудан прокурорының орынбасары Тимур Әбдірахмановтың қатысуымен аудандық полиция қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының мамандары қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары және күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға алданбау жөнінде нақты ақпарат берілді. Сонымен қатар тұрғындарға арнайы ескертпе парақшалар таратылды.

Алдын алу жұмыстары халық көп шоғырланатын орындарда, атап айтқанда Халыққа қызмет көрсету орталығы мен орталық базар маңында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар мұндай түсіндіру шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Александр Лукашенко жетінші мәрте Беларусь президенті болып қайта сайланды

berdaly_oraz

Түркістан қаласында жаңартылған жолдардың үлесі 70%-ға дейін артады

Түркістанда тұрғын үймен қамту мәселесі талқыланды

berdaly_oraz