Іздеу саламыз!: «Тақыркөлде» жоғалған Аиданың тағдыры әлі де беймәлім

2010 жылдың 7 маусымы. Түркістан облысы, Арыс ауданы. Жаздың ыстығында «Тақыркөл» өзенінің жағасына демалуға барған бір топ жас үшін бұл күн қайғыға айналды. Арыс қаласындағы №7 кәсіптік лицейдің оқушылары арасында шомылу барысында екі қызды су ағысы алып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға күндізгі сағат 16:00 шамасында болған. Қатар жүзіп жүрген екі бойжеткенді ағыс бір сәтте көзден таса еткен. Қастарындағы достары көмек көрсетуге тырысқанымен, нәтиже болмаған. Дереу полицияға хабар берілген.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары мен еріктілер жетіп, іздестіру жұмыстары басталған. Алайда алғашқы күндері жүргізілген шаралар еш нәтиже бермеді. Арада бір ай өткен соң ғана екінші қыздың мәйіті Бөген су қоймасы маңынан табылды.

Ал 1992 жылы 9 маусымда дүниеге келген Маканова Аида Талғатқызы сол күйі табылған жоқ.

Бұл дерек Арыс аудандық полиция бөлімінде ресми тіркелгенімен, арада он бес жыл өтсе де, Аиданың өлімі заң жүзінде расталмаған. Қыздың анасы бүгінде бір ғана сұрақтың жауабын ала алмай келеді: балам тірі ме, әлде қаза тапты ма?

Mарқұмның анасы жақында «Арыс аудандық орталық ауруханасына» жүгініп, қайтыс болғаны туралы анықтама сұратқан. Алайда медициналық мекеме құжат беруден бас тартқан. Бұдан соң ол «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының Арыс қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне өтініш түсірген. Бұл мекеме де өлім туралы куәлік беруге негіз жоқ екенін алға тартқан.

Нәтижесінде, бір отбасы он бес жылдан бері заңдық тұрғыда белгісіз күйде қалып отыр. Құқықтық вакуум – қайғыдан да ауыр. Қызынан айырылған ана әлеуметтік, құқықтық және моральдық тұрғыда тығырыққа тірелген.

Аида Маканова қайда кетті?

 

Бердалы Ораз | Arysinfo.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

«Otebay gaz» халықтың жанайқайын ескерді»: Арыс қаласында табиғи газ тарифі төмендеді

berdaly_oraz

Қ.МАҢҚАРАЕВ: ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚ БОРЫШЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров «Кegoc» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

berdaly_oraz