Қабылсайдағы автобус апатынан егде жастағы қария қайтыс болды

Қабылсайдағы автобус апатынан егде жастағы қария қайтыс болды,-деп хабарлайды Арысинфоның аймақтық тілшісі.

7 тамыз күні кешкісін Қабылсай ауылы маңында «Арыс–Монтайтас» бағытындағы қоғамдық автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан болатын. Бүгін редакцияға келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, жеңіл көлікті басқарған егде жастағы қария ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай, кейін қайтыс болғаны белгілі болды. Марқұм Арыс ауданына қарасты Қабылсай ауылының тұрғыны екен.

Айта кетейік, күні кеше Arysinfo.kz редакциясы Монтайтас ауылынан Арыс қаласына бағыт алған қоғамдық көлік Қабылсай ауылы тұсында жеңіл көлікпен соқтығысқаны туралы хабарлаған болатын.

.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТҮСУДІҢ ЖАҢА ЖОЛЫ АШЫЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістан облысында 160-қа жуық азамат ауыл шаруашылығы санағына нұсқаушы ретінде жұмысқа тартылады

Оңтүстік-Шығыс Азияда жойқын жер сілкінісі болды

berdaly_oraz