ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ  ОҚИҒАДА  30-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ 

Қарағанды облысында ірі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, ондаған адам зардап шекті. Оқиға Қарқаралы ауданына қарасты аумақта, Бесоба ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ішінде 50-ге жуық жолаушысы бар вахталық автобус аударылып кеткен. Соның салдарынан 30-дан астам адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жетіп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті. Бірқатар науқас Қарағанды қаласына жеткізілсе, қалғандары жақын маңдағы ауруханаларға жатқызылған. Қазіргі таңда олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Апаттың нақты себептері анықталып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасыда заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының фестивалі өтті

Кентауда соңғы қоңырау шарасы аталып өтті

Ордабасы ауданында үш рет пәтер ұрлығын жасаған жас жігіт ұсталды

berdaly_oraz