Қарағандыда ауыл әкімі қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Қарағанды облысында Шет ауданына қарасты Ақшатау ауылының әкімі Нұрлан Сейілбеков зорлау және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды.

23 жастағы жәбірленушінің ата-анасының айтуынша, әкім алғаш рет қызға 2024 жылдың қаңтарында тиіскен, ал 3 мамырда дене жарақатын салған. Қазіргі уақытта жәбірленуші Қарағанды қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр.

Күдікті 11 мамырда ұсталды. Бұған дейінгі «үйқамақ» бұлтартпау шарасы жойылып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан футболшыларының тарихи жетістігі – ортақ қуаныш

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 4 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

berdaly_oraz