ҚАРАҒАНДЫДА ӨТКЕН АЗИЯ КУБОГЫНДА СОЗАҚТЫҚ АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қарағанды қаласында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай дзюдо, самбо және қазақ күресінен ардагер шеберлер арасында алғаш рет Азия кубогы ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеге Азия құрлығындағы 10 мемлекеттің спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарыста Созақ ауданынан екі ардагер спортшы ел намысын қорғады. 60–65 жас аралығындағы М-6 санаты бойынша 60 келі салмақ дәрежесінде Алпамыс Сармантаев жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ал М-1 санаты, 35–39 жас аралығы бойынша Садуақасов Жеңіс күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, жеңімпаз атанған созақтық ардагер спортшылар бүгінде Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы қызметін атқарып, жас спортшыларды тәрбиелеуге үлес қосып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚОСТАНАЙДА ӨТКЕН ЖАС СПОРТШЫЛАР ДОДАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

berdaly_oraz

Түркістан өңіріндегі колледждерде 9 жаңа мамандық ашылады

Әкенің орны – отбасының тірегі: Қазақстанда Әкелер күні кең көлемде аталып өтті

Redaktor Arysinfo