Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанда тарихи орындарды аралады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістан қаласындағы бірқатар тарихи-мәдени нысандарды аралады.

Мемлекет басшылары алдымен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы аумағындағы ұлттық-мәдени «Этноауыл» кешеніне барды. Олар шығыс базарын аралап, дәнді дақылдар сұрыптарымен танысты. Меймандарға ұлттық тағам түрлері мен халық қолөнері туындылары таныстырылып, салт-дәстүрімізді дәріптейтін театрландырылған қойылым ұсынылды. Сондай-ақ тазы иттері мен қыран құстар көрсетілді.

Одан кейін қос тарап Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Президенттер әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сонымен қатар кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл кесене – ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген, түркі әлемінің ең көрнекті рухани және тарихи ескерткіштерінің бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «II Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» симпозиумы басталды

Альфия Адамбек

Түркістан облысында даяшы қыз әріптесін алдап кетті

berdaly_oraz

Түркістан қаласы ерекше мәртебеге сай дамиды

berdaly_oraz

Пікір жазу