Қазақ киносы мен театрының көрнекті өкілі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті

Қазақ киносы мен театрының көрнекті өкілі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті.Бұл туралы Арысинфо тілшісі хабарлайды.

Қазақстан және КСРО Халық әртісі, актер, режиссер, театр педагогі Асанәлі Әшімұлы Әшімов дүниеден өтті. Қайғылы хабарды бірқатар ақпарат көздері растады.

Асанәлі Әшімұлы 1937 жылғы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Саудакент ауылында дүниеге келген. Ол саналы ғұмырын театр мен кино өнеріне арнап, қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Өнер иесі ондаған жыл бойы сахнада және киноэкранда еңбек етіп, 30-дан астам фильм мен көптеген театр қойылымдарында рөл сомдады.

Асанәлі Әшімов көрерменге әсіресе әйгілі «Қыз Жібек» көркем фильміндегі Бекежан бейнесі арқылы кеңінен танылды. Бұл рөл актердің шығармашылық жолындағы ең жарқын әрі есте қаларлық образдардың бірі саналады.

Асанәлі Әшімов Қазақстанның Еңбек Ері атағына ие болған, сондай-ақ профессор ретінде жас актерлерді тәрбиелеуге зор үлес қосты. Оның есімі мен шығармашылығы қазақ өнерінің алтын қорында мәңгі сақталады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаш ауданындағы сенбілік жұмыстарында тұрғындар белсенділік танытты

Шымкентте ер адам танысын террорлық топқа қосылуға үгіттеген

Түркістан: аппарат басшысы Мақтаарал мен Жетісай аудандарындағы құрылыс нысандарын аралады