Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында тарихындағы алғашқы күміс медалін иеленді. Бүгін Оңтүстік Кореяны 3-0 есебімен жеңіп, қазақстандықтар екінші орынға тұрақтады.

Ойынның бірінші кезеңінде капитан Малика Алдабергенова есеп ашты. Шешуші айналымда Юлия Буторина күшті соққысымен есепті еселеп, тағы бір шайбаны Дария Молдабай салды.

Қазақстан құрамасы турнирде Гонконг (12-0), Таиланд (9-0), Тайпей (5-1), Қытай (2-1), және Оңтүстік Кореяны (1-0) жеңіп, тек Жапонияға (0-4) жол берді. Бұл жеңіс әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы жетінші медалі.

Айта кетейік, 2003 жылы өткен Ақ Азиадада Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Оңтүстік Кореяға қарсы тарихындағы ең ірі жеңісін тіркеп, қарсыластың қақпасына жауапсыз 19 шайба салған болатын.

 

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен партияның парламенттік фракциясының бірлескен отырысы өтті.

Redaktor Arysinfo

Түркістанда заңсыз салынған 14 ғимарат сот шешімімен бұзылды

berdaly_oraz

Малшылар мен шопандарға зейнет жасын төмендету ұсынылды

berdaly_oraz