ҚАЗЫҒҰРТ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, НАҚТЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Дереккөз, фото: Қазығұрт ауд әкімдігі

Қазығұрт ауданында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алты маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы, ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы, бюджет кірістері мен шығыстары және берешек қарыздардың бірінші тоқсандағы жағдайы талқыланды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген жоспарлардың орындалуы, ауыл шаруашылығы саласындағы келісімшарттардың жүзеге асырылуы және «Қазығұрт су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметі қаралды.

Жиын барысында бөлім басшылары атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерін баяндады. Көтерілген мәселелер бойынша орын алған кемшіліктер сараланып, оларды шешудің нақты жолдары айқындалды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Отырар ауданында 5 мың басқа арналған бордақылау кешені салынуда

berdaly_oraz

Түркістан облысындағы колледждерде жұмысшы мамандығына басымдық беріледі

Шымкентте өрттен 2 бала көз жұмды