Дереккөз, фото: Қазығұрт ауд әкімдігі
Қазығұрт ауданындағы «Орталық саябақ» алаңында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында дәстүрлі «AL-FARABI» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.
Ауқымды жобаны Қазығұрт ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратура бірлесіп өткізді. Ашық аспан астында өткен білім сайысына мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер және түрлі сала мамандарынан құралған 200 команда қатысып, мыңға жуық жас бақ сынады.

Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Азизхан Исмаилов сөз сөйлеп, интеллектуалды жобалардың жастардың жан-жақты дамуына және білімді ұрпақ қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Ал аудан прокуроры Руслан Абдраимов бұл сайыстың құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, әділдік пен парасаттылық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды бастама екенін жеткізді.
Сайыстың негізгі мақсаты – дарынды жастарды анықтап, олардың танымдық қызығушылығын арттыру, сондай-ақ интеллектуалды ортаны дамыту.
Қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсіп, өзара білім мен логикалық ойлау қабілеттерін сарапқа салды. Қазылар алқасының шешімімен үздік командалар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
🥇 Қарақозы Әбдалиев мектебі – 300 000 теңге
🥈 Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы – 200 000 теңге
🥉 Дарын мектебі – 100 000 теңге

Айта кетейік, «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі жоба жастардың ой-өрісін кеңейтіп, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды алаңдардың біріне айналған.
