Кентаудағы өртке байланысты жедел штаб жиыны ұйымдастырылды

Сурет: Түркістан обл. әкімгі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласында орын алған қайғылы оқиғаға орай жедел штабтың отырысын өткізіп, тиісті қызметтерге қауіпсіздік пен алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Аймақ басшысы төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын жандандыруды міндеттеді.

Өңірде өрттің алдын алу бағытындағы бақылау күшейтілді. Мереке күндері төтенше жағдайлар саласының барлық бөлімшелері күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Әсіресе әлеуметтік осал топтар тұратын үйлерде, жатақханалар мен хостелдерде тексерулер жүргізіліп, рейдтер ұйымдастырылуда. Газ жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуын қадағалайтын инспекциялардың да жұмысы қарқын алды. Халық арасында қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі түсіндіру шаралары жалғасып келеді.

Облыс әкімі Кентаудағы оқиға орнына арнайы барып, жауапты құрылым өкілдерімен жедел кеңес өткізді. Жағдай тікелей бақылауға алынып, жедел штаб құрылды.

Еске сала кетейік, түнгі уақытта Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, өрт шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру қызметі отты қысқа мерзімде сөндірді.

Өкінішке қарай, оқиға салдарынан 18 жастағы азамат қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, олардың екеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Зардап шеккендер дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу шаралары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

«Екі міндетті қатар атқармақ»: Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды

berdaly_oraz

Болашақта халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылуы мүмкін

berdaly_oraz

Созақта шегірткемен күрес жұмыстары басталды

berdaly_oraz