ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ КҮНІ 106 НӘРЕСТЕ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

Сурет: Түркістан обл.  әкімдігі

2026 жылдың 1 қаңтарында Түркістан облысындағы перзентханаларда бір тәулік ішінде 106 сәби өмірге келді. Жаңа туғандардың қатарында бір егіз бар.

Босанулардың басым бөлігі облыстық перинаталдық орталықтарда тіркелген. Атап айтқанда, №2 облыстық перинаталдық орталықта 19 сәби және бір егіз дүниеге келсе, №3 облыстық перинаталдық орталықта 25 нәресте туған.

Жаңа жылдың алғашқы күнінде өмірге келген барлық сәбиге дәрігерлер тарапынан қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта аналар мен балалардың денсаулығы қалыпты, жағдайлары тұрақты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласында 3069 түлек мектеп бітірді

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН 101 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ЖАТАҚХАНА БОЙ КӨТЕРУДЕ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА МАХАББАТ ПЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰЛЫҚТАЛДЫ