ҚМДБ Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерді мал бағасын көтермеуге шақырды

Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге Құрбан айт кезінде мал бағасын жасанды түрде қымбаттатпау жөнінде үндеу жасады.

Оның айтуынша, Құрбан айт — тек діни мереке ғана емес, мейірім мен бірліктің, татулық пен қайырымдылықтың символы.

«Еліміздегі барлық кәсіпкерлерді Құрбан айт кезінде мал бағасын қолдан көтермеуге, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, тиімді баға ұсынуға, сондай-ақ күнделікті тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын», — деді Бас мүфти.

Сонымен қатар мереке күндері еліміздің өңірлерінде қайырымдылық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатыны айтылды. Мешіттердің жанында киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар мен рухани кештер өтеді.

Сондай-ақ Бас мүфти халықты ұлттық киім киіп, мерекелік шараларға белсенді қатысуға шақырып, бұл дәстүр мен бірлік рухын нығайтатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөз жүргізілді

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев көпбалалы аналарды ерекше құрметке бөлеп,марапаттады

berdaly_oraz

Құлсарыда жасөспірімнің өлімі: Анасы әділдік іздейді

berdaly_oraz