Қыз алып қашатындар 7 жылға дейін сотталу мүмкін

 

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов некеге мәжбүрлеу бойынша қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы жаңа заң жобасын ұсынды. Жаңа ұсынысқа сәйкес, некеге мәжбүрлегендерге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Әбеновтің айтуынша, соңғы үш жылда полицияға некеге мәжбүрлеу туралы 214 шағым түскен, бірақ тек 10 іс сотқа жеткен. Бұл құқық қорғау органдарының немқұрайлы қарауының айқын белгісі, әрі жәбірленушілердің қорғалмай қалуына әкеледі.

Депутат заң жобасының биыл соңына дейін қабылдануы ықтимал екенін, оның мақсаты – жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және некеге мәжбүрлеу деректерін азайту екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АВТОКӨЛІК КОМПРЕССОРЛЫҚ ГАЗ ҚҰЮ СТАНЦИЯСЫ БАР ЗАМАНАУИ СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістан: «Балалар үні» өнер фестивалінде 600-ден астам бала өнер көрсетті

Таза Қазақстан: Сарыағашта сенбілік жұмыстары белсенді өтті

berdaly_oraz