Сайрам мен Ордабасы аудандарында кәсіпкерлер өрт сөндіру бекетін салып жатыр

Кәсіпкерлер өз қаражатына «Ауыл құтқарушылары» заманауи өрт сөндіру бекетінің құрылысын бастады. Аталған жаңа нысандар жалпы саны 11 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мұндай бастама өртке қарсы қорғану ісінде, жеке жауапкершілік танытуда және бір адамның немқұрайлығы көптеген адамдардың өмірін қалай қорғай алатындығында баршаға үлгі болуы тиіс.

«Ауыл құтқарушылары» – шалғай ауылдардағы өрт қауіпсіздігі жүйесін кезең-кезеңмен жаңарту мен нығайтуды көздейтін кешенді бағдарлама. Оның аясында елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, арнайы техникалармен жабдықтау және кәсіби мамандарды даярлау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

АЭС — еліміздің энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі

admin_arysinfo

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмыс болды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА КЛАСТЕРІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

berdaly_oraz