Мақтааралда «Өрт – 2025» республикалық оқу-жаттығуы өтті

2025 жылғы 22 мамыр күні Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында өрт қаупі жоғары маусымға дайындықты пысықтауға арналған «Өрт – 2025» республикалық оқу-жаттығу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Ауқымды жаттығу Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» спорт кешені аумағында өтті. Оған төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру қызметі, жедел құтқару жасағы, медициналық көмек, полиция, еріктілер және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара төрағасы Нұрбол Саттаров пен орынбасары Асқар Жақияев техникалық жарақтандыру деңгейін тексеріп, азаматтық қорғаныс құрылымдарының шұғыл әрекет ету дайындығына ерекше назар аударды.

Жаттығудың басты мақсаты – өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету алгоритмін пысықтау, ведомствоаралық үйлесімділікті арттыру және халықты қорғау шараларын тәжірибе жүзінде іске асыру болды.

Практикалық бөлімде өрт сөндіру, зардап шеккендерді эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету, басқару және байланыс жүйелерін іске қосу, көлік қозғалысын реттеу бағыттары қамтылды.

Айта кету керек, оқу-жаттығу өз мақсатына толық жетіп, азаматтық қорғау жүйесінің жоғары деңгейде дайын екенін көрсетті. Мұндай шаралар қауіпсіздікті нығайтып, төтенше жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста 28 мамырда шаңды дауыл мен қатты жел күтіледі

berdaly_oraz

Түркістан облысында «Репродуктивті денсаулығын қорғау» апталығы басталды

АРЫСТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

berdaly_oraz

Пікір жазу