Әнші Индира Елемес пәтерін рейдерлік жолмен тартып алмақ болғандар туралы мәлімдеді

Белгілі әнші Индира Елемес Instagram парақшасында өз пәтерін бұрынғы күйеуі Имаманди Халилхан мен Rams Global компаниясының директоры Рамазан Булбул заңсыз иемденуге әрекет жасағанын айтты.

Оның сөзінше, 2018 жылдан бері балаларымен бірге Алматыдағы «Ile de France» тұрғын үй кешенінде тұрып келген. Пәтерді өз қаражатына сатып алғанымен, бұрынғы күйеуі қамауда отырса да, баспана заңсыз түрде небәрі 25 миллион теңгеге сатылып кеткен.

Әнші бұл дерек бойынша полицияға арыз түсірген, алайда әзірге іс қозғала қоймаған.

Индира Елемес жағдайдың әділ шешілуі үшін Президент пен мемлекеттік органдардың араласуын сұрап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Батырлардың батылдығы ұлықталды

Арыста ұлттық құндылықтар дәріптелді: рух пен дәстүр тоғысқан тағылымды кеш

Жетісайда Мырзашөл елді мекені табиғи газға қосылды

berdaly_oraz