МЕМЛЕКЕТТІК ТУ—ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ: ЖАҢА ҚАҒИДАЛАР ӘЗІРЛЕНДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ—ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ: ЖАҢА ҚАҒИДАЛАР ӘЗІРЛЕНДІ

Мемлекеттік ту – елдің тәуелсіздігі мен бірлігін айқындайтын басты нышандардың бірі. Сондықтан оны пайдалану тәртібін жетілдіру – тек ресми талап емес, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің көрінісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес әзірленген Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидасының жаңартылған жобасы бірқатар маңызды бағыттарды қамтиды:

Мемлекеттік Туды қолдану аясын кеңейту

Рәміздерді дұрыс және құрметпен пайдалану мәдениетін қалыптастыру

Азаматтардың патриоттық сезімін арттыру

Рәміздерді коммерциялық немесе орынсыз пайдалануға шектеу қою

Жаңа қағидаларға сәйкес, Мемлекеттік Туды тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жеке тұлғалардың да белгілі бір жағдайларда пайдалануына мүмкіндік берілуі мүмкін. Алайда бұл ретте Туға деген құрмет, оның тұтастығы мен мәртебесі қатаң сақталуы тиіс.

Бұл бастама – елдегі патриотизмді күшейтуге, мемлекеттік нышандардың қадір-қасиетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

.

Ұқсас жаңалықтар

Сырдария өзені аумағына 19 тоннадан астам препарат құйылды

Альфия Адамбек

Құны жарты миллион теңге тұратын Монтайтас көшелеріндегі бейнебақылау камералары кімнің бақылауында?

berdaly_oraz

Арыс қаласында ерекше балаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді

berdaly_oraz