Оңтүстік өңірлердің дамуы талқыланды: 41 мың жұмыс орны ашылады

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тараз қаласында еліміздің оңтүстік өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының әкімдері, сондай-ақ ұлттық экономика және қаржы вице-министрлері қатысты. Жиында жаңа Бюджет кодексі аясында бюджеттік жоспарлау мен Өңірлік стандарттар жүйесі түсіндірілді.

2024 жылғы деректерге сәйкес, өңірлердегі қамтамасыз ету деңгейі:

  • Шымкент – 87,9% (республика бойынша 2-орын),
  • Жамбыл облысы – 74,1% (4-орын),
  • Қызылорда облысы – 66,8% (6-орын),
  • Түркістан облысы – 66,3% (14-орын).

Бозымбаев инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау кезінде өңірлік стандарттарға қатаң сүйену қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ артта қалған елді мекендерді бірінші кезекте қаржыландыруды тапсырды.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында:

  • Жамбыл облысында – 10 мың,
  • Қызылорда облысында – 8 мың,
  • Түркістан облысында – 23 мың жұмыс орны ашылады.

Бозымбаев бұл жобаларды іске асыруды жеделдетіп, қосымша қаржыландыру тетіктерін пысықтауды тапсырды.

Сапар барысында вице-премьер Қазақ ұлттық су шаруашылығы және мелиорация университетіне барып, жаңа шағынауданда салынып жатқан тұрғын үйлер мен Түйте каналы жағалауындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Болашаққа бастар жол: Жолдаудан аңғарған ойлар

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Арыста «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ӨЗБЕК ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

Redaktor Arysinfo