ОРДАБАСЫДА ЕЛШІБЕК БАТЫР АУЫЛЫНА БАРАТЫН ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

Дереккөз, фото: Ордабасы ауд әкімдігі

Ордабасы ауданында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Соның бірі – Төрткүл ауылдық округіне қарасты Елшібек батыр ауылына апаратын аудандық маңыздағы автомобиль жолын жөндеу жұмыстары.

Қазіргі таңда аталған жолға асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Мамандар жолдың алғашқы қабатын толық аяқтап, келесі қабатын төсеуге дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Бұл бастама ауыл тұрғындарының қатынасын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жол сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар елді мекен инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда адвокаттар алқасының адвокаты парақорлығы үшін сотталды

berdaly_oraz

Қолөнер – ұлттың өшпес мұрасы

Redaktor Arysinfo

Шымкенттегі цифрландыру: қала өмірінің барлық саласында технологиялық серпіліс байқалады

berdaly_oraz