Президент: Конституциялық реформалар ел дамуын жаңа сапалы деңгейге шығарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізілетін өзгерістер Қазақстанның дамуын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл түзетулер бүкіл мемлекеттік жүйені жаңғыртып, билік пен қоғам арасындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге бағытталған.

Президент ұсынылған бастамалардың ішінде «жауапты әрі жасампаз отаншылдық» идеясын ерекше атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизмнің құр ұран емес, нақты іс пен жауапкершілікке негізделуі тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, отаншыл азамат — қоғам игілігі үшін адал еңбек ететін, жауапкершілігі жоғары тұлға.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы волонтерлерді осындай нағыз патриоттардың үлгісі ретінде атап, әрбір азаматты өзінен бастап әлемді жақсартуға ұмтылуға шақырды. Президент сөзін қоғамды алға жетелейтін арман мен сенімнің маңызын атап өтіп, ел болашағына сенім білдірумен түйіндеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Ордабасы ауданындағы балалар лагерінде өткен сенбілікке 500-ге жуық адам қатысты

Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді – Артур Ластаев

berdaly_oraz

Түркістан облысы инвестиция тартуда айтарлықтай жетістікке жетті

berdaly_oraz