Түркістан: Ордабасы ауданындағы балалар лагерінде өткен сенбілікке 500-ге жуық адам қатысты

Ордабасы ауданының аумағында орналасқан балалар лагерінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасында балалар тынығатын аймақты реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, білім беру, мәдениет және спорт саласының өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар атсалысып, сенбілік жұмыстарына жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

Тазалық шарасы аясында тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылды. Сондай-ақ, 370 дана қураған ағаштар кесіліп, 3 гектар аумақтағы шөп орылды. Сенбілік жұмыстарымен қатар лагер аумағындағы күрделі жөндеу мен абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Мейрамбек Ақмұратов пен аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз нысанды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысып,  мердігер мекеме өкілдеріне жұмыс сапасына қатысты нақты тапсырмалар берді. Шара соңында жауапты тұлғалар еңбек еткен ұжымдарға ризашылығын білдіріп, сенбіліктердің тұрақты түрде ұйымдастырылатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Түркістан қаласында 159 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Халық қаһарманының ұрпағы: “Әкеміздің марапатын қанша жыл күттік…”

Арыс маңындағы су құбырларына қасақана зиян келтіру деректері анықталды

berdaly_oraz