Президент Шымкенттегі «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі «Ақжайық» шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешеніне барды. Биылдың соңына дейін мұнда 35 көппәтерлі үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарланған.

Баспаналар әлеуметтік осал топтарға беріледі және мемлекеттік ипотека бағдарламалары арқылы сатылады. Сондай-ақ Президентке ескі үйлерді сүру және тұрғындарды көшіру барысы баяндалды.

Реновация бағдарламасы аясында 248 отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді. Бұл көрсеткіш 2029 жылға дейін 604-ке жетуі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Сауранда жаңа оқу жылын 24 мыңға жуық оқушы бастады

berdaly_oraz

АРЫС ҚАЛАСЫНАН СПОРТ КЕШЕНІ ҮШІН ЖЕР ТЕЛІМІ САТЫЛАДЫ!!!

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында биыл 34 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді

Альфия Адамбек