Президент Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағын аралап көрді. Президентке мұнда жалпы құны 44,5 млрд теңгені құрайтын 33 кәсіпорын ашылғаны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қосымша 800-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 9 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр.

Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс пен жиһаз өндірісі өнімдері қойылған көрмені тамашалады. Сонымен қатар Aksa Enerji компаниясы іске асырып жатқан, құны 350 млрд теңге болатын бу-газ электр стансасының құрылысы жөнінде мәлімет алды.

Кейін Президент ТМД нарығына трансформаторлар мен реакторлар шығаратын Asia Trafo зауытының өндірістік желісімен танысты.

Ұқсас жаңалықтар

Шардарадағы жағажайда қауіпсіздік пен тазалық жұмыстары күшейтілді

Арыста балалар күніне орай мерекелік шара өтті

berdaly_oraz

Шымкентте аспалы арқанжол салынбақ

Альфия Адамбек