Сайрам ауданында дүкеннен спорттық киім ұрлаған күдікті қолға түсті

Түркістан облысы, Сайрам ауданында полиция қызметкерлері түнгі уақытта дүкеннен спорттық киімдерді ұрлаған күдіктіні қолға түсірді.Бұл туралы Arysinfo.kz хабарлайды.

Оқиға түнгі сағат 2:30 шамасында орын алған. Тергеу барысында күдіктінің пластик терезені сындырып, дүкен ішіне заңсыз кіргені анықталды. Ол сатылымдағы әрқайсысының бағасы 20 мың теңге тұратын он шақты ерлерге арналған спорттық киімді алып кеткен. Күдікті қылмыс жасаған кезде мас болған.

Жалпы шығын көлемі 200 мың теңгені құраған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұрыны анықтап, айғақты заттарды тәркілеп алды. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Мажарстанмен ірі инвестициялық жоба қолға алынып,Түркістанда жаңа зауыт салынбақ

berdaly_oraz

Қазығұртта «Көреген ене, ибалы келін» атты сайыс өтті

Арыс қаласында спорт күніне орай спартакиада ұйымдастырылды

berdaly_oraz