Шымкентте «MooniGold» қаржы пирамидасының заңсыз әрекеті әшкереленді

Шымкентте «MooniGold» қаржы пирамидасының заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Тергеу деректеріне сай күдіктілер өздерін зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде көрсетіп, азаматтарға 5 ай бойы салым сомасының 20-30%-ын ай сайын табыс ретінде беруге уәде етіп және негізгі қаражаттың сақталуына кепілдік берген. Алайда төлемдер нақты сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.

Нәтижесінде 1000-нан астам адам алданып, 500 млн теңгеден астам залал келген. Кейбір азаматтар үйі мен көлігін кепілге қойып, несие алып салым салған.Олардың қатарында пәтерін кепілге қойып, 67 млн теңге берген зейнеткер де бар.

Тергеу кезінде:

• 280 млн теңгеге сатып алынған үй мен көлік;

• 15 млн теңге қолма-қол ақша мен 28 млн теңгенің алтындары тәркіленді.

Күдіктілер «дропперлер» арқылы ақшаны заңдастырған. Қазіргі уақытта олар екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА «ШЕКСІЗ ӨНЕР – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

ҚАРАҒАНДЫДА ӨТКЕН АЗИЯ КУБОГЫНДА СОЗАҚТЫҚ АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

berdaly_oraz