САЙРАМДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

30 мамыр күні Сайрам ауданында құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды. Аудан әкімдігінің қолдауымен Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде өткен шараға мемлекеттік органдар, заңгерлер мен адвокаттар қатысты.

Игі бастама ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, Zakon.kz порталы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы және өзге де серіктестердің қатысуымен өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып, тегін заң көмегін қолжетімді ету. Шара барысында азаматтар Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары мен мемлекеттік органдар өкілдерінен нақты кеңестер алып, өздерін мазалаған мәселелер бойынша жауап алды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда асық атудан ел чемпионаты басталды

Алан Құрманғалиев тарихи жетістікке бір қадам қалды: Азия чемпионатының сирек финалына шықты

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНЗИТ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo