Сарыағаш ауданында ерте пісетін картопты жинау науқаны басталды

 

Сарыағаш ауданында шаруалар биыл 2,1 мың гектар жерге ерте пісетін картоп егіп, алғашқы өнімді жинауға кірісті. Қазіргі уақытта өнім жинау жұмыстары Қабланбек, Құркелес, Жартытөбе және Тегісшіл ауылдық округтерінде жүргізілуде.

Жалпы, ауданда 75,7 мың гектар егістік жерге егін егілген. Оның ішінде 51,1 мың гектары астық-бұршақты және майлы дақылдарға тиесілі. Атап айтқанда:
– бидай – 40,5 мың гектар,
– арпа – 7,9 мың гектар,
– жүгері – 1,5 мың гектар,
– күнбағыс – 224 гектар,
– мақсары – 910 гектар.

Бұдан бөлек, 10,6 мың гектарға көкөніс, 479 гектарға бақша дақылдары, 11,5 мың гектарға мал азығы дақылдары егілген.

Ерте өнім алу арқылы аудан шаруалары ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімін экспортқа шығаруға да мүмкіндік алмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда колледж студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиядасы басталды

Азаттықтың жабылуын қолдайтындар тәуелсіз журналистикадан қорқады – Қалима Тәжіқұл

berdaly_oraz

Шымкентте 27 білім беру ұйымы тест тапсырады

Пікір жазу