Сарыағаш: жазғы сауықтыру орталығының жөндеу жұмыстары пысықталды

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіндегі Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» балалар жазғы сауықтыру орталығына барып, нысанда жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Аудан басшысы жауапты мамандарға, атап айтқанда білім бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Ә. Адеевке жұмыстарды жеделдетіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, «Балдәурен» сауықтыру лагері 2025 жылғы 5 маусым мен 18 тамыз аралығында 7 ауысым бойынша балаларды қабылдайды. Әр ауысым 10 күнге созылады.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, орталықта балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қамтамасыз етілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Созақ ауданы облыстық рейтингте үздік үштікке кірді

berdaly_oraz

Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды

Альфия Адамбек

Шымкентте ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

berdaly_oraz