Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

Сарыағаш ауданында Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шараның ашылуында аудан әкімі Арман Абдуллаев сөз сөйлеп, жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтады.

Қазақстанның берекесі мен бірлігі – әр азаматтың туған еліне деген сүйіспеншілігі мен адал еңбегінің көрінісі. Республика күні – халқымыздың тәуелсіз мемлекет болуға деген тарихи таңдауын айқындайтын, елдігіміздің бастауы болған ерекше күн. Бұл мерекені атап өту – Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуға үлес қосатын әрбір азамат үшін маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бұл күн – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын тарихи сәт. Сол себепті аудан тұрғындары ел бірлігін сақтап, еңбектің қадірін кейінгі ұрпаққа үлгі етуі қажет, – деді аудан әкімі.

Салтанатты жиынға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, депутаттар, құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме және бөлім басшылары, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

Мерекеде Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хаттары» табысталды.

Іс-шара аудандық мәдениет үйі ұсынған концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында ұлттық кітап күніне орай тағылымды іс-шара өтті

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

Redaktor Arysinfo

Вице-министр жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді