ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШҰҒЫЛА ӨМІРБЕКТІ ЫҚЫЛАСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Түнде Түркістан әуежайында 23 жасқа дейінгі әйелдер күресінен әлем чемпионы атанған Шұғыла Өмірбекке құрмет көрсетілді. Чемпионды Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров бастаған бір топ спорт жанашыры салтанатты түрде қарсы алды.

Жерлесіміз Шұғыла Өмірбек — 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп, әйелдер күресі тарихында бұл атаққа қол жеткізген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңісті «ел спорты тарихындағы маңызды белес» деп атап, жас чемпиондарға сенім білдірді.

Қала әкімі өз құттықтау сөзінде Шұғыланың жеңісі барша қазақстандықтардың ортақ қуанышы екенін айтты. Іс-шарада спортшының бапкерлері мен ата-анасына алғыс білдіріліп, құрмет көрсетілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі әлем чемпионы мен жүлдегерін марапаттап, көлік сыйлады

berdaly_oraz

Қазақ-өзбек шекарасында жанармай тасымалдаған жасырын тоннель жойылды

Сарыағаштағы ауыл-аймақтарда жаңа медициналық нысандар салынуда