Сурет видеодан:1 Еуразия телеарнасы
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы №30 С.Торайғыров мектебінің 4-сынып оқушысы Хиуаз Аршабай жақында көпшілікке үлгі боларлық оқиғаның кейіпкеріне айналды. Ол әлеуметтік желідегі «Президент балалардың арманын орындайды» деген жазбаны оқып, өзінің армандарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат арқылы жолдады. Президент оның хатына жауап беріп, арнайы сыйлық жіберді.
Арманға жол ашқан хат
Көпбалалы отбасында өсіп келе жатқан Хиуаз бауырлары үшін ноутбук алуды және болашақта Президентпен кездесуді армандаған. Оның бұл тілегі Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмай, арнайы сыйлықпен марапатталды. Елордадан келген сыйлықты Түркістан облыстық білім басқармасының өкілдері табыстады.
Хиуаз тек озат оқушы ғана емес, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетімен де ерекшеленеді. Мектеп басшылығы оның болашағынан зор үміт күтетінін айтып, бұл жетістікті тек жеке еңбегі емес, сонымен бірге анасының және мектебінің қолдауының нәтижесі екенін атап өтті.