АРЫС: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Арыс қаласы бойынша әкімдік жанынан кұрылған мобильді жұмысшы тобы қала орталығында орналасқан сауда үйлері және шағын маркеттер мен үй жанындағы дүкендердегі 18 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Жұмысшы топпен бағаларға қатысты заң бұзушылықтарға тиісті жауапкершіліктер көзделгендігі туралы түсіндірме жұмыстары да жөнге қойылған.
Бүгінгі таңда Түркістан облысының әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен келісім негізінде Қазыбек Би (Орталық базар маңы) және Ақиық көшесі бойында 2 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда. Бұдан бөлек, Орталық базарда арзандатылған әлеуметтік ет дүкені жұмыс істеп тұр.
Сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар 18 азық-түлік тауарларының бағалары тұрақты бақылауда. Атап айтқанда, базар нарығында күріштің бағасы орташа есеппен келісі 460 теңгеден саудаланса, әлеуметтік дүкендерде 400 теңгені құрап отыр. Қарақұмық (гречка) базарда 230 теңгеден, І сортты бидай ұнынан жасалған нан бағасы 110-120 теңге, макарон өнімдері 350 теңгені құрауда. Ал «Светафор» сауда желісінде тауық еті 1150 теңге, бірінші санаттағы тауық жұмыртқасы 1560 теңгені құрап отыр (Базарда 1670-1800 аралығы). Ал әлеуметтік дүкендерде қырыққабат 110 теңгеден, басты пияз, картоп, сәбіз 150 теңгеден саудалануда (базардан 15-20 пайызға арзан).
Жалпы, сауда нүктелеріне сауда үстемесінің мөлшерін негізсіз көтермеу туралы ескертіліп, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына жұмысшы топ тарапынан мониторингтік зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті ақпарат облыстық салалық басқармаға жолдануда.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Taobao онлайн сауда платформасы ресми іске қосылды

berdaly_oraz

Футболдан Қазақстан құрамасы 11 жылдан кейін жеңіске жетті

berdaly_oraz

САЙРАМДА 5,2 МЛРД ТЕҢГЕЛІК МАЛ БИРЖАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo