САУДА ЕРЕЖЕСІ ҚАТАҢДАДЫ: ЕНДІ САТУШЫҒА ДА, ДЕЛДАЛҒА ДА ТАЛАП ЖОҒАРЫ

1 қыркүйектен бастап Қазақстан сауда саласында жаңа талаптар күшіне енді. ҚР СТ 1756-2026 «Сауда қызметтері. Жалпы талаптар» ұлттық стандарты бұған дейін қолданыста болған құжаттың орнын басып, бөлшек және көтерме сауданы ұйымдастырудың бірқатар талаптарын жаңартты.

Жаңа стандарттың басты мақсаты – сауда орнын жай ғана тауар сататын нүкте емес, тұтынушыға сапалы, қауіпсіз әрі қолайлы қызмет көрсететін ортаға айналдыру.

Енді сауда орындарында тауардың түрі, тұтынушылық қасиеті, өндірушісі, сату тәртібі және көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат қолжетімді болуы тиіс. Тұтынушы өзіне қажетті мәліметті жасырын іздеп жүрмеуі керек.

Сауда залындағы тауарлардың орналасуы, кіріп-шығу жолдарының қолайлылығы, жарықтандыру, ауа алмасу, температура, шу деңгейі мен санитариялық жағдай да назардан тыс қалмайды.

Әсіресе мобильділігі төмен азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық берілген.

Интернеттегі сауда да назардан тыс қалмайды

Жаңа талаптар дәстүрлі дүкендермен ғана шектелмейді. Интернет-дүкендер, мобильді қосымшалар, қашықтан сауда жасау, тауар жеткізу және вендингтік автоматтар арқылы сату қызметтері де қамтылған.

Тауарды жеткізу кезінде сатып алушыға тиісті есеп айырысу құжаттары, ал қажет болған жағдайда кепілдік талоны мен пайдалану жөніндегі нұсқаулық берілуі тиіс.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке талап күшейді

Стандарттағы назар аударарлық талаптардың бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жеткізу тізбегіне қатысты.

Құжатқа сәйкес, көтерме жеткізуші тауарды сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу барысында қалыптасатын қосылған құнды нақты шығындармен негіздеуі қажет.

Ал тауардың тұтынушылық қасиетін өзгертпей, сақтау, тасымалдау, буып-түю секілді нақты операцияларды атқармай, тек қайта сатумен айналысатын өнімсіз делдалдардың мұндай тауарларды жеткізу тізбегіне қосылуына жол берілмейді.

Бұл талаптың әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мен оның тұтынушыға дейінгі жолының ашықтығы тұрғысынан мәні зор.

Сауда мәдениеті – басты өлшем.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ: «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ»

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ТАЗАЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА 700-ДЕН АСТАМ БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛҒАН

Redaktor Arysinfo

САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 44 МЛРД-ҚА ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 20-ДАН АСТАМ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ АСАДЫ

Redaktor Arysinfo