ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ЕНУДЕ

Түркістан қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде жаңғырту шаралары қолға алынған.

Бүгінде Жаңа қала аумағындағы тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, айналасы тазартылып, көріктендіру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе көктемгі маусым аясында 9 және 11 көшелер бойында орналасқан 10-нан астам көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары қарқын алған.

Жаңарту барысында ғимараттардың қасбеттері әрленіп қана қоймай, кіреберістері мен қоршаулары да жөнделуде. Сонымен қатар, іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр.

Аталған жұмыстар қаланың заманауи келбетін қалыптастыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда дәрігерлер 4 жасар баланы аман сақтап қалды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

ШЫМКЕНТТІК ТҮЛЕК ҰБТ-ДА 138 БАЛЛ ЖИНАП, ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

berdaly_oraz