Сауранда жаңа оқу жылын 24 мыңға жуық оқушы бастады

1 қыркүйек – Білім күніне орай Сауран ауданында алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округіндегі Нұртас Оңдасынов елді мекенінде орналасқан, күрделі жөндеуден өткен Амангелді жалпы білім беретін мектепке барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Жаңартылған білім ордасы толық жөндеуден өтіп, оқу жылын жайлы әрі заманауи жағдайда бастады.

Ауданның білім саласы
Қазіргі таңда Сауран ауданында 62 мектеп бар. Онда 24 964 оқушы білім алуда, оның ішінде 44-і мемлекеттік, 18-і жекеменшік мектеп. Өткен жылы 1579 түлек 11-сыныпты аяқтап, 104-і «Алтын белгі», 131-і «Үздік аттестат» иегері атанды. ҰБТ-ға 1427 түлек қатысып, ауданның орташа балы 78-ді құрады. Жалпы білім сапасы 60,3%-ға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,6%-ға артты. Биыл 2260 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Жаңа жобалар
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ауданда жаңа ғимараттар салынып жатыр. Биыл С.Қожанов атындағы мектеп пайдалануға берілді. Алдағы уақытта Аша ауылындағы жаңа мектеп ашылмақ. Бұдан бөлек, Абай ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталды. Майдантал және Құмтүйін елді мекендерінде жаңа мектеп пен 300 орындық «Оқушылар сарайы» салуға жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

Сонымен қатар, биыл Ж.Тәшенов атындағы мектепке 713,7 млн теңге, Молда Мұса атындағы мектепке 836,5 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Саурандағы жүйелі жұмыстар білім беру инфрақұрылымын нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Бұл – өңірде сапалы білім беруді қамтамасыз етудің негізгі кепілі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралды

Қарағандыда ауыл әкімі қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТАҒЫ ЖЕР ҚОРЫН ЖОҒАРЫ ПӘТЕРДЕГІ БАҚЫЛАУДА

berdaly_oraz