Шардарада полицейлер браконьерлерді ұстады

Түркістан облысы, Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан үш тұрғын ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында «қытай торларын» пайдаланып, заңсыз балық аулап жүрген жерінен үш жас жігітті қолға түсірген.

Тексеру кезінде олардың иелігінен екі моторлы қайық, 16 дана «қытай торы», ауланған балық және «Нива» автокөлігі тәркіленді.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды

Өңірдегі жайлы мектеп директорларымен өзекті мәселе талқыланды

АРЫСТА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ИЕЛЕРІМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

berdaly_oraz