ШҚО-да су тапшылығы: Тозған инфрақұрылым диқандарды тығырыққа тіреді

дереккөз фото: adyrna.kz

Шығыс Қазақстан облысында егістік алқаптарын суару мәселесі ушығып тұр. Мамандардың мәліметінше, өңірдегі гидротехникалық нысандардың 70 пайызы әбден тозған. Олардың басым бөлігі 60 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеуден өтпеген.

Салдарынан суару жүйелерінің тиімділігі төмендеп, егістікке қажетті су көлемін жеткізу қиындаған. Бұл жағдай ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігіне кері әсер етіп, диқандарды алаңдатып отыр.

Мамандар мәселені шешу үшін су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртып, тозығы жеткен каналдар мен гидротехникалық нысандарды кезең-кезеңімен жөндеу қажет екенін айтады. Әйтпесе, климаттың өзгеруі мен су тапшылығы жағдайында өңірдің аграрлық саласына төнетін қауіп арта түспек.

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – БОЛАШАҚ ҚАУІПСІЗДІГІ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОҚИҒА ЖҮЙЕЛІ МӘСЕЛЕНІ АШЫП КӨРСЕТТІ

Өңір жаңалықтары: Сауран тұрғындарымен кездесуде ауданды дамыту бағыты талқыланды

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ТЕКСЕРІС ОРТАЛЫҚ БАЗАРДА ЖАЛҒАСТЫ

Redaktor Arysinfo