Бүгін AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратында кезектен тыс Чернобыль ардагерлерінің басқосу жиыны болып өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz порталы.
Жиын Республикалық «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Әшірбаев Бақытжан Шәкірұлының ұйымдастыруымен өткізілді. Оған Шымкент қаласының Чернобыль ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Сөз алған Бақытжан Шәкірұлы көпшілікке жиынның мақсаты мен міндетін айтып, қоғамдық бірлестіктің атқаратын қызметіне тоқталды. Сондай-ақ, «Шымкент қаласының «Чернобыль мүгедектері және ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс жиналысының күн тәртібіне сәйкес, жаңа төрағаның сайлану қажеттігін айтып, көпшілік дауысқа салды.

Нәтижесінде Карімжан Бакибаев «Шымкент қаласының, Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды.
Жаңа төрағаның қызметіне алдағы уақытта абыройлы еңбек тілейміз.

