Түркістандық ескекшілер жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында 26 медаль жеңіп алды

Алматы қаласында байдарка және каноэ есуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Дүбірлі сынға 11 өңірден келген 112 спортшы чемпиондыққа таласты.  Түркістан облысының байдарка және каноэ есушілері 11 алтын, 5 күміс және 10 қола медальға ие болды.

Бағдарламаның әртүрлі түрлерінде чемпион атанғандар:

• Прядка Зоя – К-2, 1000 м – 1 орын, К-4, 500 м – 1 орын.

• Прядка Злата – К-2,1000 м – 1 орын, К-4, 500 м – 1 орын, К-1, 5000 м – 1 орын.

• Құтан Қарақат – К-4, 500 м – 1 орын.

• Кошманова Маргарита – К-4, 500 м – 1 орын.

• Федотов Руслан – С-1,500 м – 1 орын, С-2, 500 м – 1 орын, С-1, 5000 м – 1 орын.

• Абдубаева Милана – С-4, 500 м – 1 орын.

Жарыс қорытындысы бойынша түркістандық  байдарка есуші Прядка Злата мен каноэ есуші Федотов Руслан Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.

Ұқсас жаңалықтар

ТІРЕК МЕКТЕП ЖОБАСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ С.АДАМБЕКОВ МЕКТЕБІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЕРНАР МҰХАМЕТКӘРІМ «SUPERSTAR KZ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНДА!

Redaktor Arysinfo

«Жұмысшының қолы кетті, жауапкершілік кімнің мойнында?»

Redaktor Arysinfo